Тайланд премьер-министрі дуаланып қалғанын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтың жаңа премьер-министрі Прают Чан-Оча өзін бақсы-балгерлер дуалағанын айтты, деп жазады «Жаңалықтар» РАА.
Генерал өзіндегі қарғыс пен дуа туралы Ұлттық реформа жөніндегі кеңес мүшелерінің алдында сөз сөйлеген кезде айтқан.
Ол желкесінен тартып, өңеші ауыратынын бақсылардың дуасынан көреді.
«Маған сыртымнан «оқытып», дуа жасалғанын айтты. Дірілдеп, бірнеше рет киелі су құйындым. Енді суықтап қалған сияқтымын», - деді премьер-министр.
Тайландта халық дуалауға сенеді. Наным-сенімге сәйкес, өзін дуашылардан қорғау үшін адам бірнеше рет киелі су құйынуы қажет.