Тайландпен шекаралас аумақтарда 200-ге жуық қазақстандық құлдықта болған – СІМ

АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы екі жылда Тайланд елімен шекаралас елдер аумағында 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығында болған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

Израиль
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

«Соңғы 2 жылда Тайландпен шекаралас Мьянма және Лаос аумақтарында 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскені мәлім. Елшіліктің жәрдемімен аталған елдердің аумағынан 28 азамат шығарылды. Айта кету керек, 60-қа жуық отандасымыз елшіліктің көмегіне сүйенбей, Қазақстанға өз еркімен оралған. Қазір бізде бар ақпаратқа сәйкес, аталған елдер аумағында 100-ге жуық қазақстандық құлдықта қалып отыр», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар