Тайландта 15 адам қарулы шабуылдың құрбаны болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тайландтың оңтүстігінде Яла провинциясында бақылау-өткізу бекетінде болған қарулы шабуылдың салдарынан кем дегенде 15 адам мерт болды. Бұл туралы сәрсенбі күні Reuters агенттігі жергілікті қауіпсіздік күштеріне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттіктің дерегі бойынша, тағы төрт адам жарақат алған. Шабуыл жасаушылар оқ атқаннан кейін жарылғыш затты қолданып, артынан қуғандарды бөгеу үшін жолға шегелер тастаған.
Құқық қорғау органдары шабуылды жергілікті сепаратистер жасады деп болжап отыр. Қауіпсіздік күшінің өкілдері мұны соңғы уақытта болған оқиғалардың арасындағы ең ауқымдысы деп атап өтті.