Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тайландта автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

БАНГКОК. ҚазАқпарат - Жұмадан сенбіге қараған түнде Тайландта Чонбури провинциясымен Бангкок арасындағы тас жолда апат салдарынан он бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті. Бұл туралы Чонбури полиция басқармасынан хабарлады, деп жазады ТАСС.

Тайландта автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

«Жолаушылар тасымалдап келе жатқан автобустың доңғалағы шығып кетіп, аударылған. Ішінде 11 адам шыға алмай, көлік өртке оранған», - делінген хабарламада.
Аман қалған төрт адам ауруханаға жеткізілді. Барлық жолаушылар Тайланд азаматтары.