Тайландта балықшылар суға батқан қайықтан 60 туристі құтқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің оңтүстігінде Пхангнг провинциясында Андаман теңізіне батып бара жатқан моторлы қайықтан 60-ға жуық туристер құтқарылды. Бұл жайлы Thai PBS телеарнасы хабарлады.
Оқиға сәрсенбі кешке туристер, араларында балалар да бар, Симилан аралынан жүзіп келе жатқан кезде орын алған. Аса жылдамдықпен келе жатқан үлкен қайық теңіздегі бөренеге соқтығысқан. Түбі тесілген қайық суға бата бастаған. Апатқа ұшыраған барлық жолаушыларды балықшылар құтқарып, өз бортына мінгізіп үлгерді. Ешкім зардап шекпеді.
Симилан ұлттық мұражайының басшысы Нат Конгкесорн хабарлағандай, шетелдіктер мінген шағын кеме 70 адамға арналған. Апаттан аман қалуға кеме капитанының сақтық шараларын дер кезінде қабылдауы жәрдемдескен. Туристердің барлығы суға батырмайтын құтқару күртелерін киіп үлгерді.
Арал Андаман теңізінің солтүстігінде орналасқан. Қыста ол жерге туриттер көп жиналады.