19:13, 20 Ақпан 2017 | GMT +5
Тайландта балықтарға нан лақтырған турист түрмеге жабылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландта Пхукет провинциясының теңіз полициясы Рача аралында балыққа нан берген ресейлік туристі ұстады, деп хабарлады, Phuket Gazette интернет нұсқасы.

Басылым деректеріне сәйкес, 53 жастағы Ольга Смирнованы Тайланд теңіз және жағалау ресурстар күзеті қызметкерлері ұстап, Пхукет полициясына жеткізді. Оған маржан рифімен ерекше қорғалған жерде балықтарды қоректендірді деген айып тағылуда.
Қазір Смирнова үшін үш мың доллар төленіп, ол кепілдікпен бостылды. Оған алдағы уақытта тағы үш мың доллар көлемінде айыппұл салынып, не бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Ресей өкілі сот істі қарап болмайынша, Тайландта қалмақ.
Бұл қағида Тайландта 1992 жылы қабылданған. Өткен жылы мамырда ел билігі экологиялық нормаларды бұзғандарға жазаны қатаңдатқан.