Тайландта қамауда болған ұшқыштарға қатысты тексеру жұмыстарының нәтижесі қоғам назарына ұсынылады - Н.Сүйіндіков

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Тайландта қамауда болған ұшқыштарға арнайы қызмет өкілдері тексеру жүргізді.

Тайландта  қамауда болған ұшқыштарға қатысты тексеру жұмыстарының нәтижесі қоғам назарына ұсынылады - Н.Сүйіндіков

Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков журналистермен болған апталық брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, бұл шара Тайланд елімен болған дипломатиялық келіссөздерге байланысты болып отыр. Оған сәйкес, тұтқыннан босатылған азаматтар елімізге келген соң құзырлы орган өкілдері тарапынан тексерілулері қажет болатын. «Осыған байланысты, тексеру шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің өкілдері жүргізді. Қазіргі таңда ұшқыштардың әрқайсысы өздерінің отбасында. Беларус азаматы өзінің отанына оралды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері жүргізген тексерулер әлі толық қорытындыланған жоқ. Бұл істің нәтижесі шыққан соң ол міндетті түрде қоғам назарына ұсынылады», деді ресми өкіл.