Тайландта қаза тапқан Қазақстан азаматының денесі осы аптада елге жеткізіледі

АСТАНА. Қазаның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Тайландта қаза тапқан қазақстандық туристің денесі осы апта ішінде елге жеткізіледі. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
None
None

«Қазақстан азаматының зорлық-зомбылық салдарынан қаза болмағындығы анықталып отыр. Қазіргі уақытта қаза болған азаматтың мүрдесін осы апта ішінде Қазақстанға жөнелту шаралары жүргізілуде», деді ресми өкіл өз сөзінде.

Айта етейік, бұған дейін хабаранғандай, қыркүйектің 1-інде түнде, шамамен 3:30-да полиция бөліміне жағалауға тақау жерден шетелдік азаматтың денесі табылғандығы турасында ақпарат түскен.

«Оқиға орнына келген полицейлер су жағалауға шығарып тастаған шетелдіктің денесін көрген. Сарапшылар азамат 3-5 сағат бұрын мерт болған деген қорытынды шығарды», деп жазады Pattaya Daily News газеті.

Одан «Ди-Бич» қонақүйінің визиткалық карточкасы табылған. Алдын ала тергеу амалдары оның зәкірде тұрған қайықтың арқанына оратылып қалғандығын көрсеткен. Аталған қонақүйдің қызметкерлері қаза болған адамның Қазақстан азаматы Ермек Әлжанов екендігін нақтылай түскен. Оның қыркүйектің 10-ынан бастап қонақүйде тұрғандығын, ал қыркүйектің 28-інде кері қайту керектігін, дегенмен тай елінде болу мерзімін ұзартқандығын айтқан. Сондай-ақ қонақүй қызметкерлері оның суға түсетін киіммен бейсенбі күні кешкі сағат 19:00-де шығып кеткенін байқаған.

Полиция болжамынша, оның өліміне теңіздегі қатты ағыс себеп болуы, әрі ол қаза тапқаннан кейін толқын мүрдесін жағаға шығаруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар