Тайландта су тасқыны құрбандарының саны 36 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтың оңтүстігінде су тасқыны құрбандарының саны 36 адамға дейін ұлғайды, бір адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы елдің төтенше жағдайды жою департаменті хабарлады.

Тайландта су тасқыны құрбандарының саны 36 адамға жетті

Тасқынның салдарынан Тайландтың оңтүстігіндегі 400 мыңнан астам үйді, 12 провинцияны су басты. Онда шамамен 1,2 млн адам тұрады. Су ағындары 600-ге жуық жолды шайып кетті, 100-ге жуық көпірді құлатты. Накхонситхаммарат провинциясында жергілікті әуежай жұмыс істемейді. Яла, Паттани, Наратхиват және Ранонг провинцияларында су деңгейі төмендей бастады, деп хабарлады утро ру.

Бұл ретте танымал курорттар су тасқынынан зардап шеккен жоқ. Жауын салдарынан Самуи аралы әуежайының жұмыс кестесі өзгертілді. Рейстер бөлігі Тайландтың материк бөлігінде орналасқан аэродромға жіберілді. Осы аралдан жаңа жыл уақытында ресейлік туристер уақытылы шыға алмаған.