Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тайландта толассыз нөсерден 700 мыңнан астам адам зардап шекті

АСТАНА.ҚазАқпарат Тайландтың оңтүстігінде тоқтаусыз жауған нөсерден 12 адам мерт болды, 700 мыңнан астам адам зардап шекті. Қолайсыз ауа райы салдарынан көптеген жолды су шайып кетті, темір жолдарды су басты, пойыздар мен автобустар қозғалысы тоқтады, деп жазады ресейлік Vesti.ru.

Тайландта толассыз нөсерден 700 мыңнан астам адам зардап шекті

Тайланд билігі жаңбырдан зардап шеккендерге көмек көрсетіп, жергілікті тұрғындарға азық-түлік тарату үшін әскерилерді көмекке тартты. 
Нөсер жауын көршілес Малайзияға да жауды, онда 23 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. 
Метеорологтар мұндай ауа райының Тайланд үшін күтпеген жайт болғанын атап өтті. Әдетте, қараша айынан қаңтарға дейін ауа райы салқын әрі құрғақ болатын.