Тайландта туристерге түрмедегілермен жекпе-жекке шығуды ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландта ерекше шара ұйымдастырылатын болды. Енді кез келген адам жергілікті түрмеде отырғандармен рингке шығып күш сынаса алады.
Бұл үшін жылына бірнеше рет түрмелердің бірінде арнайы турнир өткізіледі, деп хабарлайды РБК.
Жарыс арнайы қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылады.Спортпен шұғылданып және бостандықта жүрген адамдармен жақын араласудың арқасында темір тордың ар жағында жүргендер қалыпты өмірге бейімделмек. Бұл бәсекеге әйелдер де қатыса алады. Айта кетер жайт, рингке бұрын жекпе-жек өнерімен шұғылданғандар ғана жіберіледі. Ал жергілікті билік қонақтарды жеңген сотталушының жазасын өтеу мерзімін қысқартуға уәде беріп отыр.