16:10, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Тайландта волейболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тайландтың Нахон Патом қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оған Вьетнамның «Спорт Центр», Жапонияның «Торэй Арроу», Индонезияның «Петрокимиа Гресик», Иранның «Саипа», Қазақстанның «Жетісу», Қытайдың «Тианжин Бриджстоун», Өзбекстанның «Скиф», Тайландтың «Федербрау», Солтүстік Кореяның «Собаекси», Тайбэйдің «Тайбэй» сияқты командалары қатысуда. ҚР Волейбол федерациясының баспасөз мәлімдемесіне қарағанда Рустам Мәсімов жаттықтыратын Қазақстан чемпионы алғашқы кездесуін кеше сәтті өткізді. Олар индонезиялық әріптестерінен 3:0 есебімен басым түсті. Олар екінші кездесуін енді қытайлықтарға 3:0 есебімен жеңілген Ауғанстан волейболшыларымен өткізеді. Кеше тайбэйліктерді 3:0 себімен ұтқан алаң иелері КХДР командасынан 0:3 есебімен ұтылған Иран волейболшыларымен сынға түспек. Сондай-ақ вьетнамдықтарды 3:2 есебімен ұтқан жапондықтар көршілес Қытай спортшыларымен, ал индонезиялықтар вьетнамдықтармен күш сынаспақшы.