Тайландта жол апатынан 7 адам қаза тауып, 25-і зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландта халықаралық автобустың қатысуымен болған жол апатынан жеті адамның өмірі қиылып, 25 адам жарақат алды.

Тайландта жол апатынан 7 адам қаза тауып, 25-і зардап шекті

Автобус Чумпхон провинциясынан ел астанасы Банкокқа бара жатқан, деп хабарлады РИА Новости.

Жергілікті полицияның ақпаратына сәйкес апатқа себеп - жүргізушінің тас жолда жылдамдығы асырып жүргені. Салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, электр бағанына соғылған.

Алдын ала дерек бойынша апат салдарынан шетелдік азаматтар зардап шекпеген.