Тайландта жүре алатын балық табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Джерси Технологиялық институтының ғылыми қызметкерлері Тайландтан өз мекендестеріне қарағанда, төрт аяқты қосмекенділерге ұқсас қозғалатын балықты тапты. Балық денесімен қимылдай алады. Ол тіпті ағыспен жоғары көтерілуге де қабілетті.
Мамандардың айтуынша, Cryptotora thamicola - бұл жүре алатын әлемдегі жалғыз балық.
Жұмыс авторлары кей балық түрі су түбінде қозғалу үшін қанатын қолдануға қабілетті екенін айтады. Алайда ғалымдар одан да дамыған соқыр балықты тапты. Оның қозғалған кезде денесі иілемейді.
Еске салсақ, таяуда уфолог Марс ғаламшарының суретінен тасқа айналған балықққа ұқсайтын нысан тапқан, деп жазады шетелдік БАҚ.