Тайландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті - СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Тайландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Facebook/phuketinfocenter

«Тайландтағы Қазақстан консулының ақпаратына сәйкес, катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың үшеуі медициналық көмекті қажет етті. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, барлық медициналық шығынды катерге иелік ететін тай компаниясы мойнына алып отыр.

«Консулымыз зардап шеккен азаматтармен де, жергілікті билікпен де үнемі байланыста», - деді ресми өкіл.

Бұған дейін Таиланд жағалауында қайық дабыл мұнарасына соғылып, 35 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар