Тайландтық волейболшы қыздар - ІІІ Азия кубогы мен «ҚР Президенті кубогы» ХІХ Халықаралық турнирінің жеңімпазы
АЛМАТЫ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда 10-16 қыркүйек күндері волейболдан әйелдер арасындағы ІІІ Азия кубогы мен «ҚР Президенті кубогы» ХІХ Халықаралық турнирі өтті.
Онда ақтық сында Қытйа құрамасын 3:1 (30:28, 25:27, 25:21, 25:20) есебімен жеңген Тайпей командасы кубог иегері атанды. Жартылай сында қытайлықтарға есе жіберген қазақстандықтар қола жүлде үшін болған сайыста вьетнамдықтарды (25:18, 25:20, 25:16) ұтты. Жарыстың жалпы қорытындысында Таиланд- 1, Қытай - 2, Қазақстан - 3, Вьетнам - 4, Жапония - 5, Оңтүстік Корея - 6, Тайпей - 7, Иран 8 орын алды. Бас бапкер Александр Гутор бұл дүбірлі дода қарсаңында команданың алдында тұрған басты мақсат - Әлемдік Гран-При додасына қатысуға мүмкіндік беретін 4 жолдаманың бірін иелену,- деген болатын. Бұл жоспар толығымен орындалды.