Тайландтың бұрынғы премьері қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен бейсенбіде демікпе ұстамасымен ауруханаға жеткізілген саясаткер 83 жасында дүниеден озды.
Тайландтың бұрынғы премьер-министрі Банхарн Силпа-арча (Banharn Silpa-archa) сенбіде 83 жасында өмірмен қош айтысты, деп жазды Bangkok Post басылымы.
Банхарн Силпа-арча Тайландта ішкі тұрақсыздық орын алған 1995-1996 жылдар кезеңінде билік басында болған, деп жазды РИА Новости.