Таймс-Сквердегі үлкен экранда АХҚО туралы ақпарат жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен ірі америкалық биржа NASDAQ арасындағы ынтымақтастық туралы ақпарат Нью-Йорктегі атақты Таймс-Скверде, ең үлкен LED-экрандардың бірінде пайда болды, деп хабарлайды АХҚО баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана» Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) мен Nasdaq Inc. технологиялық келісімге қол жеткізді.
Қол қойылған келісімдерге сай, (АХҚО) мен Nasdaq Inc 2017 жылдың аяғында іске қосылатын жаңа қазақстандық биржа - АХҚО Қор биржасын бірлесіп дамытатын болады.
Алдымен АХҚО Қор биржасында белгіленген мөлшердегі табысқа ие акциялармен сауда, онан кейінгі кезеңде активтердің өзге кластарымен сауда жасалынады деп күтілуде.
Жаңа биржа бойынша келісім аясында берілген ақпараттарды сұрыптайтын Nasdaq Matching Engine жүйесі пайдаланылады. Ресми түрде іске кіріскенге дейін бұл технология тестілеу мен тексеруден өтеді.
Nasdaq Matching Engine - бұл ақпараттарды сұрыптайтын ең жиі кездесетін жүйе, бизнес үшін тиімділігі және өндірістік қуаты жоғары.
Nasdaq АХҚО Биржасының іске кіріскеннен кейінгі кезеңінде де технологиялық көмек көрсететін болады.
«Nasdaq Matching Engine қаупісіздік және атқаратын қызмет тұрғысынан әлемдегі ең мықты сауда алаңы болып есептелінеді. АХҚО елдегі биржа инфрақұрылымын Nasdaq-пен бірге құруы АХҚО үшін маңызды», - деді АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбето.
Nasdaq-тің атқарушы вице-президенті, нарықтық технология бойынша басшысы Ларс Оттерсгардтің айтуынша, Nasdaq үшін Қазақстан және онымен байланысты халықаралық нарықтар үшін АХҚО-ның биржалық инфрақұрылым құруында өз әсерін тигізу үлкен мәртебе.
«Nasdaq-тің қаржылық алаңқайын пайдалану арқылы АХҚО биржасы аса шұғыл дамып жатқан халықаралық нарықтағы өз бәсекеге қабілеттілігін арттыруда операцияларын стандарттап, бірізді жасауға әсер ететін инновациялық технологияларбойынша жұмыс істейді. Біз АХҚО-мен ынтымақтаса жұмыс істеуге және осы жаңа бағытта көмек беруге әзірміз», - дейді ол.
Сауда, клиринг, құнды қағаздардың орталық депозитариі (CSD) мен нарыққа мониторинг жасайтын және өзге де жүйелерді қамтитын Nasdaq биржалық технологиялары Америка, Еуропа, Азия, Австралия, Африка, Таяу Шығыс пен Кариб бассейні елдеріндегі 90 нарықта қолданылады.