Тайпейде ел намысын қорғайтын балуандарымыз белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14-18 маусым аралығында Тайпейде күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тайпейде ел намысын қорғайтын балуандарымыз белгілі болды

Дүбірлі додаға күрес түрлерінен Қазақстан ұлттық құрамалары да қатысады. Қазір балуандар соңғы оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтап жатыр.
Бүгін осы байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын әйелдер күресінің шеберлері мен еркін күрестен ерлер құрамасының тізімі анықталды.

Еркін күрестен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы:

50 келі: Дархан Қалкенов
55 келі: Мұхамбет Қуатбек
60 келі: Сұлтан Бейісов
66 келі: Дархан Есенғали
74 келі: Жақсылық Сұлтан
84 келі: Алмас Жуніс
96 келі: Серік Бақытханов
120 келі: Жантас Дәрібай

Әйелдер құрамасы:

44 келі: Несібелі Естаева
48 келі: Марина Закшевская
51 келі: Диана Каюмова
55 келі: Жұпар Төлеубекова
59 келі: Назира Аманжолова
63 келі: Айна Теміртасова
67 келі: Валерия Гончарова
72 келі: Айнагүл Абирова