14:54, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Тайсангтағы әйелдер командалары арасындағы ІІ Азия кубогының алғашқы кезеңі қазақстандық волейболшылар үшін сәтсіз өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Тайсанг қаласында волейболдан әйелдер командалары арасындағы ІІ Азия кубогы жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қыркүйектің 19-ы күні басталған бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы алғашқы кезеңде Корея, Қытай және Иран спортшыларымен бірге А тобында сынға түсіп жатыр. Ольга Щербакованың тәлімгерлері әзірге Корея мен Қытай волейболшыларының осал тұсын таба алмады. Кореялықтарға (19-25; 19-25; 18-25) да, қытайлықтарға да (16-25; 13-25; 13-25) 0:3 есебімен ұтылыс тапқан олар бүгін енді ақырғы ойынын Иран спортшыларымен өткізеді. Ирандықтар да алғашқы 2 қарсыласына бұған дейінгі ойындарда осындай есеппен ойсырай ұтылған болатын.