Тайсон Фьюри: Мен Кличконың айқасты кейінге қалдыратындығын білгенмін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайсон Фьюри өзінің твиттерінде аяғының сіңірі созылуына байланысты британдық боксшымен белгіленген уақытта айқасқа шыға алмайтындығын мәлім еткен Владимир Кличконы сынға алды.

Тайсон Фьюри: Мен Кличконың айқасты кейінге қалдыратындығын  білгенмін

Мұның алдында жекпе-жек Дюссельдорфта 24 қазанда өтуі тиіс болатын.

«Кличко айқасты аяғының жарақаттануынан кейінге қалдырды»,-деп жазды Фьюри. - Мен тап осылай боатындығын сезгенмін. Ал мен туралы қам жемеңіздер. Тек жанкүйерлерге обал болды. Өйткені олар -нағыз жеңілгендер. Ұшып келу, қонақүйден орын алу тағысын-тағылар. Жігіттер, сіздерге обал болды.