Тайсон Фьюри мен Владимир Кличко көзбен атысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиналық Владимир Кличко мен британиялық Тайсон Фьюри көзбен атысты, деп хабарлады Vesti.kz.

Тайсон Фьюри мен Владимир Кличко көзбен атысты

Ауыр салмақтағы боксшылар Кельнде баспасөз мәслихатында кездесті.

Еске сала кетейік, 2015 жылы 28 қарашада болған жекпе-жекте Кличко 12 раундтың нәтижесі бойынша судьялардың шешімімен Фьюриден ұтылды. Айқас Германияда өтті. Сөйтіп, украиналық спортшы WBA, IBF, WBO және IBO титулдарынан айырылды. Қарымта кездесу 9 шілдеде Манчестерде өтед
і.