Тайсонның бұрынғы зәулім сарайы қарттар үйіне айналмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Тайсонның бұрынғы зәулім сарайы қарттар үйіне айналмақ.
Майк Тайсонның қала сыртындағы зәулім үйі сатылды. Жекежайды медициналық компания 8 миллион долларға сатып алды.
Ғимарат қариялар үйі ретінде пайдаланылатыны хабарланды. Үйде 52 бөлме бар. Медициналық компания үйді қариялар үйі қылып өзгертетіні не өзгертпейтіні және оған кететін сома белгісіз.
Тайсон 2003 жылы зәулім үйін шамамен 4 миллион долларға рэп орындаушысы 50 Cent-ке сатқан.
Әнші ғимаратты өзінің қалауынша өзгерту үшін 10 миллион доллар жұмсаған. 50 Cent жылына бұл үй үшін 70 мың доллар жұмсапты.
Рэп оқушы тоғыз жыл бұрын үйді сатпақ болып, 18 миллион доллар сұраған. Алайда сатып алушылар табылмады.