Тайвань әкімшілігінің бұрынғы басшысы өмір бойына түрмеге кесілді

АСТАНА.  Қыркүйектің 11-і.  ҚазАқпарат -  Тайвань  әкімшілігінің  бұрынғы басшысы    Чэнь Шуйбянь сыбайлас жемқорлығы үшін  бүгін өмір бойы қамауға  кесілді. 

Тайвань   әкімшілігінің  бұрынғы  басшысы   өмір бойына  түрмеге  кесілді

Ол   2000  жыл  мен 2008 жылдың мамыр  айының аралығында   билік  басында   болған  8 жылда    мемлекет  ақшасын   талан-таражға салғаны, парақорлығы және    басқа да     қылмыстары   үшін кінәлі деп танылды, деп  хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.

 Тайвань  әкімшілігінің  бұрынғы басшысы   өткен жылдың  қараша айында   қамауға алынған болатын.

 Прокурорлар,   Чэнь Шуйбянь  мен   оның  отбасы   жалпы есеппен  20  миллионнан  астам   доллар    ақшаны   қалталарына басты,  деп   санайды.