Тайвань банкоматынан миллиондар жымқырған шетелдіктер ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақша «First Bank» банкінің банкоматынан алынған. Тайвань полициясы бірқатар банк машиналарының компьютерлік жүйесін бұзып, екі миллион АҚШ долларын ұрлады деп күдікке ілінген 16 шетелдіктің үшеуін ұстағанын хабарлады, деп жазады ВВС агенттігі.
Хакерлік бағдарлама көмегімен ұрылар аталған банктің 10 банкоматынан 80 миллион тайвань долларын (2 миллион АҚШ доллары) алған.
Жергілікті ресторанда ұсталған күдіктілердің бірі Латвия азаматы болып шықты.
Оның екі румыниялық сыбайласы қонақ үйде ұсталды.
Полиция күдіктілерден ұрланған ақшаның жартысынан астамын тапқанын хабарлады.Және қалған күдіктілер - Ресейдің екі азаматы және басқалары Тайваннан кетіп үлгергенін мәлімдеді.
Олардың банкоматтың бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіне қалай енгені әзірге белгісіз.