Тайваньда 20 көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, 8-і жарақаттанған

ТАЙВАНЬ. ҚазАқпарат – Тайваньда болған ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, 8-і жарақат алды. Жексенбі күні бірден 20 көлік соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тайваньның орталық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тайваньда 20 көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, 8-і жарақаттанған

Апат Тайваньның батыс бөлігіндегі Цзяи және Юньлинь уездерінің түйіскен жерінде болды. Қалың тұман жағдайында жеті жүк көлігі бір-біріне соқтығысқан. Олардың бірі сұйытылған мұнай газы бар цистерналарды тасымалдаған. Сондай-ақ 13 жеңіл көлік бар.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы әзіре белгісіз.