Тайваньда 26 адам автобуста тірідей өртеніп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат -Тайвань әуежайында туристік автобус жанып кетті. Ішіндегі 26 адам қаза болды. Көлік жоғары жылдамдықпен терминалдардың біріне апаратын арнайы жолақ қоршауына соқтығысып, өртенген.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіргенімен, автобус ішінде өртеніп кеткен жолаушылардың өмірін арашалай алмады. Автоуста солтүстік-шығыс қытайлық Ляонин провинциясынан 24 турист, гид және жүргізуші болған.
Билік өкілдері қайғылы оқиғаның себебін анықтауға және Тайваньға келіп қаза тапқан туристердің отбасына көмектесуге уәде берді, деп жазады шетелдік БАҚ.