Тайваньда F-5E жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

ТАЙВАНЬ. ҚазАқпарат – Тайвань әскери-әуе күштерінің F-5E жеңіл оқу- әскери ұшағы бейсенбіде аралдың шығыс жағалауында жаттығу кезінде апатқа ұшырады. Ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы Тайвань орталық ақпарат агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тайваньда F-5E жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Апат Тайчжун уезінің жағалауында әуеге көтерілген соң небәрі екі минуттың ішінде болды. Ұшқыш катапульттанып, теңізге құлаған. Оны құтқарушылар ес-түссіз күйінде тапты. Ұшқыш ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны ажалдан аман алып қала алмады.