Тайваньда із-түзсіз кеткен 700 адам табылды
МӘСКЕУ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Тайваньның оңтүстігіндегі тауларда болған дүлей дауылдың салдарынан із-түзсіз кетті деп есептелген 700 адам тірі табылды,
деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Бұл адамдар тау жыныстарының ығысуы мен лай көшкіні салдарынан мерт болуы мүмкін деген қауіп болған. Бұл аймақта бірнеше күннен бері «Моракот» дауылы түтеп тұр.