Тайваньда өзенге құлаған ұшақ не себепті апатқа ұшырағаны анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньда апатқа ұшыраған TransAsia Airways әуе компаниясы ұшағының екі қозғалтқышы да істен шыққан, деп хабарлады Би-би-си.

Тайваньда өзенге құлаған ұшақ не себепті апатқа ұшырағаны анықталды

Құлаған ұшақтың ұшқышы қозғалтқыштағы ақау орын алған сәттен 35 секунд өткеннен кейін апат сигналын жолдаған.

Тайвань билігі айтқандай, ол ұшақтың көп қабатты үйлерге құламауы үшін қолынан келгенін жасаған.

Ұшақ бортында 58 адам - 53 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Апат салдарынан, соңғы мәліметтерге сай, 35 адам қаза тапты, 15-і жапа шекті, сегізі із-түзсіз жоғалған.