Тайваньда жаппай қарсылық акцияларынан кейін аяқталуға жақындаған АЭС құрылысы тоқтатылды
Тайвань әкімшілігі ақырында «Лунмэнь» АЭС-інің тағдыры референдумда шешілетінін жариялады. Өз кезегінде Taipower энергетикалық корпорациясы жобаны одан әрі «сүрлеу» оны банкротқа әкеліп соқтыратынын ескертті. АЭС құрылысына қазірдің өзінде жалпы сомасы 93 млрд. АҚШ долларына жуық қаржы жұмсалды.
Жаңа станса көп жылдардан бері алауыздықтар мен саяси дау-дамайдың нысанасына айналды. Бұл осыдан 20 жыл бұрын мақұлданған жобаны қаржыландыруды және жүзеге асыруды үнемі тежеп келді. Үнемі кейінгі ысырыла келіп, АЭС-ті коммерциялық пайдалануға беру 2016 жылға белгіленген болатын. Қазір оның бірінші энергоблогы іске қосуға даяр болып та қалды.
Алайда соңғы кездері халықтың қарсылығы шұғыл ушығып кетті. Жапониядағы «Фукусима» АЭС-індегі апат Тайваньның 23 миллиондық тұрғынының елеулі алаңдаушылығын туғызды. «Лунмэнь» стансасы Тайбэй қаласының маңында аралдың солтүстік-шығысындағы сейсмикалық қауіпті аймаққа орналасқан.