Тайваньда жер сілкінді

ТАЙБЭЙ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат – Тайваньда магнитудасы 5,8 баллдық жер сілкінісі болды, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Орталық метеобюроның мәліметтері бойынша, жерасты дүмпулері мәскеу уақыты бойынша сағат 02.25-те тіркелген. Зілзала кіндігі аралдың оңтүстік-батыс жағалауындағы Гаосюн қаласынан 124 шақырымдай жерде және 78 шақырым тереңдікте орын алған. 1999 жылдың қыркүйек айында Тайваньда болған 7,6 баллдық зілзала салдарынан 2,4 мыңдай адам қаза тапқан еді.
Соңғы жаңалықтар