Тайваньда жүздеген адам лай көшкіні тасқынының құрбаны болды
ТАЙБЭЙ. Тамыздың 11-ы. ҚазАқпарат - Сел тасқынының салдарынан Тайваньда жүздеген адам опат болды, тасқын астында оңтүстік-батыс жағалаудағы тұтас деревня қалған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.Өзімен бірге тау жыныстарының кесектерін әкелген сел ұйқыда жатқан деревняны басып қалған.
Шиао Линь деревнясының әкімшілігі хабар-ошарсыз жоғалған 600-800 тұрғын туралы айтады. Бұлар негізінен балалар мен қарттар. Жергілікті билік адамдардың барлығының да мерт болғанына күмәнданбайды.
Тайваньның басқа аумақтарында табиғат апатынан тағы да 37 адам мерт болды, 35-і жарақаттанды және 52-сі хабар-ошарсыз жоғалған болып саналады.