Тайваньдағы әуе апатында қаза тапқандардың жанұяларына $95 мың төленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньдағы әуе апатында қаза тапқандардың жанұяларына кем дегенде 595 мың юаньнан ($95 мың) төленеді. Арал билігі TransAsia Airways компаниясына осындай талап қойды, - деп хабарлады ТАСС "Цзиньхуа шибао" газетіне сілтеме жасап.
TransAsia Airways өкілі жолаушылардың барлығы өтемақы алатынын, алайда оның сомасы кейін жарияланатынын айтты.
Еске сала кетейік, екі моторлы ұшақ 4 ақпанда өзенге құлаған. 15 адам аман қалды. Ұшақ бортында барлығы 58 адам, соның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.