Тайваньдағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 519-ға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньдағы аквапаркте болған жарылыстан зардап шеккендердің саны 519-ға жетті, оның 419-ы ауруханада жатыр. Жараланғандардың көпшілігі 20-30 жастағылар, деп хабарлады Reuters.

Тайваньдағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 519-ға жетті

Еске сала кетсек, оқыс оқиға , сенбі күні, 27 маусымда Color Play Asia бояулар фестивалі кезінде орын алған еді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жарылыс себілген түрлі түсті белгісіз ұнтақтың лапылдап жануы салдарынан болған.