Тайваньдағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 26 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньдағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 26 адамға жетті, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. Сонымен бірге Тайнань қаласында көпқабатты үйлер құлап, үйіндінің астында 120-ға жуық адам қалып қойған.
Оқиға орнында 600-ге жуық құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен еріктілер жұмыс жасауда. Сондай-ақ 105 өрт сөндіру көлігі мен 44 жедел жәрдем көлігі келді.
Бұған дейін қаза тапқандар саны17 адам деп хабарланған болатын, ал Тайнаньда үйіндінің астында 130 адам қалған деген ақпарат таратылған.