Тайвань министрі сарбаз өлімінен кейін отставкаға кетті

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Тайвань Қорғаныс министрі Као Хуа-чу қамаудағы сарбаздың өлімінен кейінгі дауға байланысты отставкаға кетуге өтініш берді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Тайвань министрі сарбаз өлімінен кейін отставкаға кетті

3 шілде күні капрал Хунг Чунг-чиу жүрек талмасынан қаза болған. Бұған аталған сарбазға жаза ретінде тағайындалған білектілік сынағы себеп болған, яғни оның қатты қалжырауы жүрек ұстамасына алып келді.

Опат болған жауынгерге бір жылдық шақырылымды аяқтауға үш күн ғана қалған екен.

Бұл оқиғадан кейін тайваньдық әскердің төрт офицері тұтқындалды. Атап айтқанда сарбаздың өлімі қоғамдық үлкен резонанс тудырды. Тайбэйдегі қорғаныс министрлігі ғимараты маңында наразылық шерулері өтті.

Осы елдің жаңа қорғаныс министрі ретінде бұрынғы басшының орынбасары Эндрю Янг тағайындалды.