Тайвань жағалауында 5,6 балдық жер сілкінісі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні Нұр-Сұлтан уақытымен 05:36 Тайвань аралының Тынық мұхитындағы оңтүстік жағалауында 5,6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы жерасты дүмпуін тіркеген Тайваньнің сейсмологиялық қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Зілзала эпицентрі Тайтунг қаласынан оңтүстікке қарай 121 шақырым жерде орналасқан, тереңдігі - 28,8 шақырым. Тербеліс Пинтунг және Тайтунг округтерінде де сезілді. Жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар, ғимараттардың қирауы немесе цунами қаупі туралы ақпарат түскен жоқ.

23 миллионнан астам халқы бар Тайвань Шығыс Азиядағы ең сейсмологиялық белсенді аймақтардың бірінде орналасқан.


Соңғы жаңалықтар