Тайвань жағалауында жер сілкінді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Тайваньның оңтүстігіндегі Пинтунг округі маңындағы теңізде таңғы сағат 3:47 кезінде магнитудасы 5,4 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының (CENC) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 22,03 градусы және шығыс бойлығының 121,49 градусы түйісетін нүктеде орналасқан. Гипоцентрі - 10 км тереңдікте.