Тайванда А(H1N1) тұмауынан бір адам көз жұмды

АСТАНА.  Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Тайванда    А(H1N1) тұмауынан бір адам көз жұмды. Бұл жаңа  тұмаудың салдарынан  елде  орын алған бірінші кісі өлімі, 

Тайванда   А(H1N1) тұмауынан бір адам көз жұмды

деп   хабарлайды   ҚазАқпарат   «Синьхуа» агенттігіне  сілтеме  жасап.

 39  жастағы ер азамат шілденің 30-ы  күні    түнде   қайтыс болған.    Тайванда  А(H1N1) тұмауын   жұқтырған  бес  адам,  дәрігерлердің айтуынша, ауыр жағдайда  жатыр.