Тайвандық 10 жасар қыз қазақ тілін үйренді

ТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Тайвандық қыз Соня Ян (Sonia Yang) 10 жасында 10 тіл меңгеріп ғалымдарды таңқалдырды, оның ішінде қазақ тілі де бар. Бұл туралы британдық The Daily Mail газеті жазады.

Тайвандық 10 жасар қыз қазақ тілін үйренді

Басылым хабарлағандай, Соня Тайванда туған, кейіннен отбасымен бірге Англияға көшіп келеді. Бұл кезде ол ана тілі тайван тілінен басқа жапон, қытай және ағылшын тілінде еркін сөйлеген.

Қазір ол неміс, француз, испан және португал тілдерін еркін меңгерген. Сонымен бірге таяуда қазақ тілі мен Уганда тілін үйренді.