Тайванның миллионнан астам тұрғыны сұрапыл дауылдың салдарынан жарықсыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні таңертең Тайванды жайпап өткен "Соуделор" аталатын сұрапыл дауылдың салдарынан миллионнан астам адам жарықсыз қалды, деп хабарлады Weather телеарнасы Taipower компаниясының мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 3 адам табиғи апаттың құрбаны болғаны анықталды, бір адам із-түзсіз жоғалып, тағы 27 адам түрлі жарақаттар алған.
Бұдан бұрын Тайван билігі және ҚХР қауіпті аймақтан жеті мың адамды шығарғаны хабарланған болатын. Оншақты рейстер кейінге шегерілген, пойыздар кешіктірілген.