Таза Қазақстан: 100-ден астам волонтер елорда маңын жинады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астана маңындағы Өндіріс тұрғын үй алабында «Сәтті сәрсенбі» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. 

Таза Қазақстан: 100-ден астам волонтер елорда маңын жинады
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Бүгінгі акция Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтіп отыр. «Жасыл ел» белсенділері негізінен көгалдандыру жұмыстарымен айналысады, бүгін қала сыртына қоқыс-қалдықтарды жинауға шықтық. Акцияға 100-ден астам волонтер қатысып отыр», - деді «Жасыл ел» жобасы жетекшісінің орынбасары Асылбек Абдураитов елордада өткен экологиялық акция барысында.

Асылбек
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Астаналық жастар Өндіріс тұрғын үй алабында 10 гектар жердің қоқысын жинап шықты. 

«Қаладағы 5 ауданның әкімдігімен бірлесіп жұмыс істейміз, олар қай жерлерді жинау керектігін айтып отырады», - дейді ол. 

акция
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Сондай-ақ «Жасыл ел» жобасының өкілі экологиялық акцияның жалғасатынын айтты. 

«Жасым 14-те, №54 мектептің оқушысымын. «Жасыл ел» жобасы туралы анам айтты, мен жұмыс істеймін деп шештім. Бүгін алғаш қаланың сыртына қоқыс жинауға шықтық. Бұл жерде кірпіш сынықтары, бос бөтелкелер мен жануарлардың сүйектері көп екен», - дейді акция қатысушысы Әлихан Асылхан. 

акция
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Еске сала кетсек, биыл көктемде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың ағаш егілді. 

Соңғы жаңалықтар