«Таза Қазақстан» акциясы азаматтардың экологиялық мәдениетін дамытады – Асылы Осман

«Таза Қазақстан» акциясы азаматтардың экологиялық мәдениетін дамытады – Асылы Осман
Фото: gov.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM -  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында еліміздің әр өңірінде ағаш отырғызылды.

Қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы Асылы Осман мұндай бастамалар өмірдің барлық саласында экологиялық мінез-құлықтың жаңа үлгісін дамытады деп санайды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Біздің қала гүлденіп, өзгере берсін, бәріміз оны қорғауымыз керек. Жасыма қарамастан, бүгін осы акцияға қатысамын. Өйткені Алматы біреу, әркім өз үйіне қамқорлық жасауы керек», - деді профессор.

Оның пікірінше, ағаш отырғызу сенбіліктен ауқымы әлдеқайда үлкен. Өйткені мұндай іс-шаралар біріктіруші фактор болып саналады.

Айта кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» акциясына 1 миллионнан астам адам қатысты. «Жасыл аймақ» апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды.

Соңғы жаңалықтар