Таза Қазақстан: Батыс Қазақстан облысында 228 мың көшет отырғызылады

ОРАЛ. KAZINFORM – Бүгін барлық облыс бойынша «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жаппай ағаш отырғызу бойынша экологиялық науқан басталды. Мемлекет басшысы да Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті. 

әкім
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы да аталған акцияға қосылды. 

Жоспар бойынша, өңірде биыл 228 мың ағаш отырғызу көзделуде, оның ішінде шамамен 5 мыңға жуығы облыс орталығы — Орал қаласында егілмек.

Нариман Төреғалиев
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін экологиялық акция аясында Тұңғыш Президент алаңында 55 ағаш отырғызылды. 

Іс-шараға қатысқан БҚО әкімі Нариман Төреғалиев экологиялық акцияның тек көгалдандыру мен аумақты абаттандыру ғана емес, табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға қосатын үлесін атап өтті. 

– Бұл тек абаттандыру шарасы емес, сонымен қатар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, туған жерге жанашырлық танытуға бағытталған маңызды қадам. Біз бұл істі бірігіп, жүйелі түрде облыстың барлық аудан-қалаларында абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Әрбір мекеме, ұйым және елді мекендер бұл акцияға белсенді қатысатынына сенімдімін, - деді облыс әкімі.

науқан
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп келеді және акция еліміздің жасыл қорын қалпына келтіру мен көбейтуге, экологиялық жағдайды жақсартуға, қоқыстан тазартуға және қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

науқан
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар