«Таза Қазақстан»: БҚО су тасқынынан кейін өңірді абаттандыруға ерекше көңіл бөліп отыр

БҚО
Фото: БҚО облысы баспасөз қызметі

ОРАЛ. KAZINFORM – Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Батыс Қазақстан облысы да қолдау білдірді.

Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевтің тазалық бағытында және қаламызды су тасқыны салдарынан кейін қалпына келтіру бойынша берген тапсырмалары аясында облыс көлемінде өлкені көркейту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

БҚО
Фото: БҚО облысы баспасөз қызметі

Өңірдің мемлекеттік қызметкерлері, жастар, белсенділерімен бірлесе сенбілікке шығып, шаһардың көркеюіне, тазалығына өз үлестерін қосты. 

БҚО
Фото: БҚО облысы баспасөз қызметі

Экологиялық акция аясында орталық алаңындағы талдар әктеліп, демалыс орындары сырланып, сәндік ағаштар отырғызылды.

Соңғы жаңалықтар