Таза Қазақстан: Көкшетауда 9 мыңға жуық ағаш отырғызылды

отырғызу
Фото: Жастар-ресурстық орталығы

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Көкшетауда «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы өтіп жатыр.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының Жастар-ресурстық орталығы ұйымдастырған шара қала тұрғындары мен туристердің, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизмге, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

ағаш отырғызу
Фото: Жастар-ресурстық орталығы

«Акцияға Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Умар Шоназаров, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы қызметкерлері мен облыстық Жастар-ресурстық орталығы, сондай-ақ, облыс орталығындағы оқу орындарының 100 астам студенті қатысты. Біз барша жастарды қоршаған ортамызды, табиғатымызды таза ұстауға шақырамыз» — деп атап өтті Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков.

Акция барысында «Бұқпа» орман шаруашылығы аумағында 2 гектар аумаққа 9 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

отырғызу
Фото: Жастар-ресурстық орталығы

Еске салайық, ҚР Президентінің Телерадиокешені ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.

отырғузы
Фото: Жастар-ресурстық орталығы

 

Соңғы жаңалықтар