«Таза Қазақстан»: ПІБ ұжымы сенбілікке шықты

ҚР ПІБ
Фото: ҚР ПІБ

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке шықты.

Іргелі ұжымның мүшелері елордадағы Ботаникалық бақта өздеріне берілген аумақта жөке мен шегіршін ағаштарының көшеттерін отырғызып, бас қаланы жасылдандыру ісіне атсалысты.

ҚР ПІБ
Фото: ҚР ПІБ

Іс басқармасына қарасты мекемелер де акцияға белсене қатысып, қаланың саябақтарына тал отырғызу, қоқыстан тазарту жұмыстарына үлес қосқанын айта кетейік. 

Қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясының үшінші аптасы өтіп жатыр. Экологиялық іс-шараның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналған. Осы аптада «Жасыл аймақ» тақырыбы бойынша ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу жұмысы жүріп жатыр.

ҚР ПІБ
Фото: ҚР ПІБ

 

Соңғы жаңалықтар
telegram