«Таза Қазақстан»: Шымкенттегі мектеп аулаларына ағаш көшеттері егілді

Таза Қазақстан
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде. Апталық барысында көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда.

«Өнегелі ұрпақ — өнегелі іс» жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусының директоры Әнуарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Тұңғышбаев Руслан, «САМИ» ЖШС бас директоры Жамашев Сәкен, белгілі спортшы Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.

Таза Қазақстан
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында № 9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды.

Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты.

Таза Қазақстан
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Сондай-ақ, іс-шараға «Экология, өлкетану және туризм орталығы» мекемесінің өкілдері атсалысты.

Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.

Таза Қазақстан
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

 

Соңғы жаңалықтар