Таза Қазақстан: Түркістан облысында оқушылардың қауіпсіздігі нығая түсті

экоакция
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

АРЫС. KAZINFORM — Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Арыс қаласында өтіп жатқан эконауқанда тек тазалық қана емес, оқушылар мен тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында жаңа жаяу жүргіншілер жолдары да салынып жатыр.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қала тұрғындары мен оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екендігін айтып, инженерлік-инфрақұрылымды жақсарту ұдайы жүргізіледі деген болатын.

Осыған сәйкес, қаламызда жолдарды күтіп ұстау, оның ішінде жолда қысқы қар мен жаңбырдан пайда болған жарықшартарды жамау, ескірген жол белгілерін ауыстыру, тас төсеу сынды жұмыстар атқарылып жатыр. 

акция
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Мәселен, Төле би мен И.Ақынбеков көшесі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынуда.

Бұл — тұрғындар мен ата-аналар үшін көптен күткен жаңалық болды. 

Себебі, аталған көше арқылы М.Әуезов пен № 376 бастауыш мектеп оқушылары мектепке барады. 

Жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы 900 метрді құрайды. Жалпы биылғы жылы 4 500 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланып отыр. 

бордюр
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Мектеп оқушыларының жол қауіпсіздігі үшін жасалынып жатқан игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Айта кетейік, Арыс қаласында экоакция өте жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстар шаһардың ажарын аса түспек. 

Соңғы жаңалықтар